Жалпы Исламда мүминнің сипаты деген ұғым бар. «Мүмин дінде қуатты яғни, дінді мықты ұстайды. Жұмсақ бола тұрып – табанды. Иманда – тұрақты. Білімде – ынталы. Талапта – сабырлы. Ғылымда – саналы. Байлықта – үнемді. Кемтарлықта – шыдамды. Ынта, тілекте яғни, өзіне бір нәрсе талап еткенде – ұялшаң. Кәсіпте адал. Туралықта таупықты. Басқаруда белсенді. Құмарлыққа есті яғни, құмарлыққа елікпейді. Әрекет еткенге – қамқор болушы. Мүмин - өзін күндегенге жәбір көрсетпейтін Аллаһ Тағаланың құлы. Жақсы көргеніне және аманатқа қиянат етпейді. Күндемейді. Масқаралап, даттамайды да тіл тигізіп лағынеттемейді. Өзіне қарсы болса да, растықты мойындайды. Жалған ат қойып, мазақ етпейді. Намазда – момын, зекетте – асығыс. Күйзелісте – байсалды да байыпты. Молшылыққа – шүкір етуші. Барына – қанағатшыл. Мүмин бөтеннің нәрсесінен дәмеленбейді және дөрекіліктен аулақ болады. Бір жақсы іс істеуін қаласа, оған жоқшылық кедергі бола алмайды, мысалы, барымен бөлісу. Мүмин адамдармен жақсы қатынаста болып, ақылға қонатын сөз айтады. Аллаһ Тағаланың қамқорлығына лайық болу үшін зұлымдық пен қысымшылыққа сабыр етеді». Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл Сахих хадисі Әл Хакимнен риуят етіледі.
«Мүмин сап алтынның құймасы тәрізді. Алтынды отқа салса қоспадан тазартады, сонымен қатар арасы жақсы нәрсені қорек етіп, пайдалы нәрсені өндіреді. Және мүминді құрммен салыстырса болады. Одан не нәрсе алсаң да пайдалы, яғни, мұсылманнан тек жақсылықты көресің» деген Пайғамбарымыз (ғ.у.у.).
Тағы бір хадисінде Расулуллаһ (с.а.с.) былай деп баяндайды: «Мүминдердің абзалы – жүрегі таза, тілі шыншыл болған мүмин» - деді. Адамдар: «Таза жүрек қандай болады?» - деп сұрағанда. Ол (с.а.с.): «Тақуа, күпірліктен таза, күнә істеу ниеті мен әділетсіздіктен аулақ, кек сақтамаған және күншіл болмаған жүрек» - деді.
- «Ондай жүректің иесі кім?
- Дүниені ұмытып Ақыретті қалағандар.
- Одан кейін кім?
- Мінез – құлығыжақсы болған мүмин».
Нағыз мүмин болып, адамдыққа тырысайық.
Баршамызға да екі дүние бақытын нәсіп етсін! АМИН!!!