Бисмилләхир-Рахманир-Рахийм
Екі рәкәғат парыз, сүннет және нәпіл намаздарының оқылуы

1. Жүзімізді құбылаға қаратып екі ракағат парыз (сүннет, нәпіл) намазын өтеуге ниет етіп, «Аллаху әкбар» деп құлақ қағып қол байлап, мына дұғаны оқимыз: «Субхаанәка Аллаахумә уә бихамдикә уә тәбәәрәкәсмукә уә Тағаалә жәддукә уә ләә иләәхә ғайрук»

2. Содан соң «Аузу-бәсмәлә»-ні іштей , Фатиха сүресі мен бір қысқа сүрені парыз намазында дауыстап, сүннет немесе нәпіл намаздарында іштей оқимыз...

«Әуузу билләәхи минәш шайтаанир ражийм, Бисмилләхир Рахманир Рахийм»

Фатиха сүресі.

Бисмилләәхир- Рахманир- Рахийм!

Әлхамду лилләәхи раббил ьааламийн,
Әррахмәәнир Рахийм...
Мәәлики иәумиддийн.
Ий-йәәкә нәьбуду уә ий-йәәкә нәстәьийн.
Ихдинәс сиратал мустақийм.
Сираатал ләзийнә әньамтә ьаләйхим ғайрил мағдууби ьаләйхим уәләд-доооллийн (Әәмийн).

Қысқа сүрелер:

Нас сүресі: «Қул хүуаллахү әхад. Аллахус самәд. Ләм иәлид уә ләм юләд. Уә ләм иәкул-ләху куфуән әхад».
***

1. Қысқа сүре оқылып болған соң «Аллаху әкбар» деп, «Рукуғ» жасаймыз. (Рукуғ-екі қолмен тізелерді ұстап, еңкейіп тұру).

Рукуғта іштей үш рет «Субхаанә раббиәл-ьазыйм»деп айтамыз. Кейін «сәмиаллаху лимән хамидәх» деп, дауыстап айта отырып бойымызды тік ұстаймыз. Осы кезде іштей «Раббәнәә уә ләкәл хамд»-деп айтып, сосын «Аллаху әкбар» деп дауыстап айтып сәждеге барамыз. (Сәжде-маңдай, мұрын. Екі алақан, екі тізе және аяқ ұштарының жайнамазға тиюі). Сәждеде «Субхаанә раббиәл-аьләә» деп іштей үш рет айту керек. Сосын «Аллаху әкбар» деп дауыстап айтып, басымызды көтеріп, сол аяғымыздың үстіне отырып «Раббиғфирли, раббиғфирли» деп іштей айтып, Аллаху әкбар деп, дауыстап айтып екінші рет сәжде жасаймыз. Сәждеде «Субхаанә раббиәл-аьләә»-деп іштей үш рет айтылады. Сосын «Аллаху әкбар» деп дауыстап, екінші рәкағатқа тұрамыз. Бұл рәкәғатта да «Бәсмәла», «Фатиха», және бір қысқа сүре оқылып, «Рүкүғ», «Сәжделер» жасалып (яғни, жоғарыда айтылғандай, тура бірінші рәкәғат сияқты оқылады) ,екінші сәждеден кейінгі отырыста «Әттахият», «Салли, Барик», «Раббәнәә» дұғаларын іштей оқып, «Әссәләәмү әләйкум уә рахмәтулла»,-деп оң иыққа сосын сол иыққа қарап сәлем береміз..Осымен намаз аяқталады.. Бұл екі ракағат парыз намазының оқылуы... (екі рәкәғат сүннет намаздары да осылай оқылады. Тек қана онда барлық сүрелер, дұғалар және тәкбірлер іштей оқылады).
Әттахият дұғасы:
«Әттахияту лилләәхи салли ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә салләйтә ьаләә Ибраахиймә уә ьаләә Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд»
«Аллаахуммә бәәрик ьаләә Мұхаммәд. Уә ьаләә әәли Мұхаммәд. Кәмәә бәәрәктә ьәләә Ибрахиймә уә ьаләә әәли Ибрахиймә иннәкә хамийдум мәжийд».
Раббәнәә дұғасы:
«Раббәнәә әәтинәә фиддуния хасәнәтәу уә филәхирәти хасәнәтәу уә қинәә ьазәәбән-нәәр»