— Ей, менің көзімнің қарашығы Әли! Харун Хазіреті Мұсаға қанша жақын болса сен де маған сонша жақынсың. Менен кейін басқа пайғамбар келмейді. Саған пайдалы кеңес беремін. Егер тыңдап, орындар болсаң шәкирлерден (Құдайға шүкір еткендер) боласың әрі шейіт мәртебесіне көтерілесің. Аллаһу Тағала сені қиямет күні ғалым, факих түрінде тірілтеді. Кеңес беруін жалғастырып былай деді:
— Ей, Әли! Иманды кісінің үш белгісі болады:
1.Намаз оқу.
2.Ораза ұстау.
3.Садақа беру.
Мұнафықта бұдан басқа тағы үш белгі бар:
1.Сөйлеген сөзі өтірік.
2.Айтқан сөзінде тұрмайды.
3.Аманатқа қиянат жасайды.
— Ей, Әли! Залымның да үш жағдайы болады:
1.Өзінен әлсіз, пақыр біреуге қысым жасайды.
2.Қолынан келгенінше басқаның малын зорлап тартып алады.
3.Ризық қайдан келіп жатқанын көп ойламайды, адал–арам деп ажыратып жатпайды.
—Ей, Әли! Қызғаншақ адамның үш белгісі болады:
1.Көпшілікте жалбақтағанды ұнатады.
2.Жұрттың артынан жамандайды.
3.Бәлеге ұшырағандарға мәз болады.
— Ей, Әли! Жалқау кісілердегі үш белгі:
1.Аллаһу Тағалаға құлшылықты ерініп, зауықсыз қылады.
2.Жасаған амалы кем–кетік болады.
3.Намазын уақытымен оқымай кешіктіреді.
— Ей, Әли! Тәубасына келген кісіде мынадай белгілер болады:
1.Арам нәрселерден алыс тұрады.
2.Ілім үйренуге құштар келеді.
3.Емшектен сауылып шыққан сүт қайта орнына кірмегені секілді ол кісі де тастаған күнәсін қайталамайды.
— Ей, Әли! Ақылды кісінің үш белгісі бар:
1.Дүниеге аса мән бермейді.
2.Қиналады, жапа шегеді, бірақ әсте шағымданбайды.
3.Бәлеге ұшырағанда сабыр сақтап, төзімділік танытады.
— Ей, Әли! Сабырлы кісінің үш белгісі болады:
1.Келмегенге өзі барады, туыспен араласып тұрады.
2.Өзіне қастандық жасағанды кешіреді.
3.Өзінің ақысын жегенге аяушылық қылады.
— Ей, Әли! Ақымақтың маңызды үш белгісі бар:
1.Аллаһтың анық бұйрықтарына жалқаулық танытады.
2.Бос сөзі көп болады.
3.Аллаһтың жаратқандарына жәбір көрсетеді.
— Ей, Әли! Жақсы адамдардың үш белгісі бар:
1.Жегені адал.
2.Өз еліндегі ілім мәжілістеріне қатысады.
3.Намазды жамағатпен оқиды.
— Ей, Әли! Жолы қырсық адамның үш белгісі болады:
1.Жегені арам.
2.Ғибадаттарға асығыстық қылады.
3.Үзірі болмаса да намазды жалғыз оқиды.
— Ей, Әли! Игі жандардың үш белгісі болады:
1.Барлық ғибадаттарын уақытында, толық орындайды.
2.Арам істерден аулақ болады.
3.Өзіне жамандық жасағанға жақсылық жасайды.
— Ей, Әли! Жаман кісінің үш белгісі бар:
1.Аллаһтың әмірлерін орындауға ерінеді.
2.Жұртқа кесірі тиеді.
3.Өзіне жақсылық қылғанға жамандық жасайды.
— Ей, Әли! Күнәһар адамның үш белгісі болады:
1.Барлық істері қате болады.
2.Ойынға, музыкалық аспаптарға құмар келеді.
3.Ұмытшақ болады.